“11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық”: 12 жылдан соң үйлену тойын жасаған блогерлер сынға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2025
- 302

Танымал блогер отбасы Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова бірнеше жылдан кейін үйлену тойын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер келіншек күйеуінің өзінің арманын орындағанын жазды.
“Жыл тойын бастаймыз. Ерболат менің арманымды орындады. Барлық қыз-келіншектің арманы ақ көйлек кию емес пе?! Менің арманым да 12 жылдан кейін орындалғанына қуаныштымын”, – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Ерлі-зайыптының үйлену тойлары Алматыдағы қымбат қонақ үйдің бірінде өтті. Қуаныштарын бөліуге анымал блогерлер ғана қатысқан. Блогерлер 12 жыл бұрын бас қосқанда үйлену тойын өткізбеге екен.
Үйлену тойына ресейлік әнші МОТ-ты шақырған. Ал отандық әншілерден Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш және Әміре, Тұрар өнер көрсеткен.
Бірақ желі қолданушыларға ерлі-зайыптының той тойлау ұнамай қалды. Кейбіреуі сынап, ысырапшылдыққа балады.
Олар “11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық”,“Одан да жетім балаларды тойдырту керек”, “30 миллионға торт алғанша коттедж алмаймын ба?!” деп жазуда.
@ayzada.brend #свадьба #ерболатжанабылов ♬ оригинальный звук - ТІРКЕЛЕЙІК 🔥😍