Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ауруханаларда қарапайым дәрілер жоқ": Зайытов МӘМС-тің жұмысын сынады (ВИДЕО)

"Ауруханаларда қарапайым дәрілер жоқ": Зайытов МӘМС-тің жұмысын сынады (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Біз адамдарды тек ақша төлеуге міндеттеп қойдық

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі МӘМС жүйесін сынап, оның дұрыс жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«26 қазанда Аягөз ауданында болды. Денсаулығым сыр беріп, аудандық ауруханаға бардым. Сөйтсем ауруханада физраствор жоқ. МӘМС қайда? Мәжіліс депутатына аудандық ауруханада физраствор табылмаса, онда халықтың жағдайы не болатынын осыдан түсіне беріңіз. Әу баста президент айтқан кезде «міндетті» деген сөз болған жоқ. Ерікті медициналық сақтандыру болған. Ал қазір міндетті медициналық сақтандыру. Оның сыртында 3 миллион адам тыс қалып қойды. Барған адам емделе алмайтын болса не істейді олар? Егер жедел жәрдем жетіп жатқан болса, медицинамыз еркін адамдарды емдеп креемет жетістікке жетіп жатқан болса, онда міндетті қылуға болады. Міне, емдел деуге болады. Ал қазір ол жоқ. Біз адамдарды тек ақша төлеуге міндеттеп қойдық. Ал олар барып емделейін десе, не тісін емдете алмайды немесе аудандық ауруханада дәрі жоқ. Демек бұл жүйе әлі жетілген жоқ, жұмыс істеп жатқан жоқ. Оны бірінші жетілдіріп алу керек», - дейді Ринат Зайытов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар