Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова тойда ән айтқаны үшін қанша қаламақы алатынын жасырмады

Гүлзира Айдарбекова тойда ән айтқаны үшін қанша қаламақы алатынын жасырмады
Сурет: ашық дереккөздерден
Ырымын жасап, арнайы жолыңды берсін деп, жақсы ниетпен шақыратындар жетеді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова тойларға жиі шығатынын және ән салғаны үшін қанша алатынын айтты, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, еңбегін дұрыс бағаламаған жерге барғысы келмейді екен. Бұл туралы продюсер “Taboo” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Ағайын, туыс көп болғасын тегін баруға тура келеді. Еңбекақыңды дұрыс бермесе барғымыз да келмейді. Бірақ бір адамның жақсылығы болады, бір адамды өзің қуантқың келіп тұрады. Сондай кезде тегін өнерімізді көрсетеміз. Нұрекең қазір Астанада, сол жақтан ұшып келеді. Мен Алматыдамын. Екеуміздің жолымыз бен қонақүйіміз бар. Соның бәрін есептегенде – 1 миллион 500 мың теңге. Тойымыз өте көп. Ырымын жасап, арнайы жолыңды берсін деп, жақсы ниетпен шақыратындар жетеді”, – деді. 

Айдарбекова өзінің әнші емес, продюсер екенін алға тартып, өз дәрежесін төмендеткісі келмейтінін де жасырмады.

“Маған “Қызымды ұзатып бер”, “Баламды бесікке салып бер” деп көбі хабарласады. Жақсы ниетпен шақырып жатқасын барып, тойларына қатысамын. Алғаш рет “Зуби-зубиді” жаздырдық. Ол қатты танымал болып, халыққа ұнады. Одан кейін тағы да әндер жаздық. Солай ән айтып кеттік. Мен тек тойларда ғана айтамын. Әйтпесе әнші болып байқауға қатысайын деп жатқан жоқпын. Негізі продюсер деген әншіден биік. Өзімнің атымды төмендеткім келмейді”, – деді ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар