Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«5 күн зорлаған»: Қарағанды облысында 15 жастағы қызға үйленген ер адам қамауға алынды

«5 күн зорлаған»: Қарағанды облысында 15 жастағы қызға үйленген ер адам қамауға алынды
Сурет: 24tv.ua
Полицияға арыз 15 наурызда келіп түскен

Қарағанды облысы Абай қаласында 15 жасар қызға үйленген 38 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жасөспірімді 5 күн зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы НеМолчи.kz қоры жариялады. Полиция департаменті 38 жастағы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғады.

«Полицияға арыз 15 наурызда келіп түсті. 15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті сот сараптамалары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар