Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“+30 градусқа дейін ысиды”: алдағы күнге арналған ауа райы болжамы

“+30 градусқа дейін ысиды”: алдағы күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: istockphoto.com/ru/
Алайда кейбір аймақта жауын-шашын болыр, қар түседі

Алдағы күндері елімізде күн ысиды. Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ тұман болуы мүмкін. Ал батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -3℃ аяз, күндіз +5+16℃ жылы, орталықта түнде -3℃ аязға дейін +5℃ жылы болады. Күндіз +5+20℃ жылы, елдің шығысында түнде -7℃ аязға дейін +5℃ жылы, күндіз +3+16℃ жылы. Батыста түнде -5℃ аязға дейін, ал күндіз +5+18℃ дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде +5+13℃ дейін, күндіз +22+30℃ дейін көтеріледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар