Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атом энергиясы жөнінде агенттік құрылды: Сатқалиев төрағасы болып тағайындалды

Атом энергиясы жөнінде агенттік құрылды: Сатқалиев төрағасы болып тағайындалды
Сурет: bangkokbook.ru; i-flashdrive.ru
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды. Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды", – делінген Ақорда сайтында. 

Айта кетсек, Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында  Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ол ел экономикасының қарқынды дамуына негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін айтқан еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар