Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2025
- 158

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақкенженов Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.
2002-2003 жылдары "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас маманы;
2003 жылы "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас менеджері;
2004 жылы "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
2004-2006 жылдары "Chevron Texaco Global Trading "Қылыш" бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері;
2006 жылы "KazMunaiGaz Singapore" директоры;
2006-2008 жылдары "Қазмұнайгаз "Сауда Үйі" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
2008-2010 жылдары "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры);
2011 жылы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының кеңесшісі;
2011-2012 жылдары "ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
2013-2014 жылдары "Rompetrol Bulgaria" Бас директордың орынбасары, Бас директоры;
2014 жылы "KMG International (Rompetrol)" Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры;
2015 жылы "KMG International (Rompetrol)" Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры;
2015-2016 жылдары "KMG International (Rompetrol)" Бас директорының кеңесшісі;
2016-2020 жылдары Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс;
2022-2023 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы қызметтерін атқарған;