Қоғам
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталады
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2025
- 314

Жалпы білім беретін орта мектепке балаларды қабылдауға қажет құжаттар тізімі жарияланды
Биыл бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 1 сәуірде басталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Балалар ата-анасының өтініші бойынша 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрон үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ, қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажет құжаттар тізімі:
- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).
Шетел азаматтары үшін:
- Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек.
- Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді есептемегенде, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.