Қоғам
Кенгесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісіне сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2025
- 211

Қайрат Примбердиевке сот айыппұл салды
Кенесары үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі Қайрат Примбердиевке сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот оны «нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни және аймақаралық араздықты қоздыру» бабымен кінәлі деп танып, айыппұл салды.
«Бішкектің Первомай аудандық соты әнші Қайрат Примбердиевті нәсілдік, этникалық және ұлттық араздықты қоздырды деп танып, оған 100 мың сом айыппұл салды», – деп жариялады сот.
Айта кетсек, Қайрат Примбердиев Airan YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басы үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған. Айтылған сөздері үшін оған он жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2025