Наурыз мейрамында халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2025
- 1.0k
Наурыз мейрамын тойлау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі мемлекеттік корпорацияға сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" ақпаратына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 21, 22, 23 және 24 наурызда жұмыс істемейді.
Сейсенбі, 25 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекшілер отырады. Келген азаматтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.
Кезекші ХҚКО мен және арнайы ХҚКО-ның өзекті тізімімен мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе 1414 телефоны арқылы білуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




