Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Рұқсат сұрадым»: Астанада әйелдер әжетханасына барған трансгендер Ника Неттің басы дауға қалды

«Рұқсат сұрадым»: Астанада әйелдер әжетханасына барған трансгендер Ника Неттің басы дауға қалды
Сурет: niko_nett / Instagram
Алайда, ол спортзалдың әйелдер бөліміне кірмегенін алға тартты

Белгілі қазақстандық трансгендер Ника Нет әйелдер әжетханасына кіремін деп басы дауға қалды. Алайда, ол өзінің құқы бар екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Астана қаласындағы спорт залдардың біріне трансгендер, блогер әжетхана сұрап кірген. Алайды оны жаттығу залына келуші әйелдің бірі көріп қалып, адвокат Аржан Сәдуақасқа айтқан. Бұған қатысты заң саласының маманы ойымен өз пікірімен бөлісті.

“ Трансгендердің іс-әрекеті ешқандай құқықтық нормаларға немесе моральдық қағидаларға сәйкес келмейді. Жеке құжатта жынысы егер әйел деп тұрса, ол әйел болады. Еркек деп тұрса, еркек болады. Жынысын ауыстырса да, жеке куәлікте туғандағы жынысы жазылады. Менің танысымның дабыл қаққаны өте орынды. Өйткені спорт залдарға балалар да барады”, – деді заңгер.

Бірақ трансгендер Ника Нет өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ол спортзалға тек дәретхана іздеп кіргенін айтты. 

"Денсаулығыма байланысты спорт залдарға баруға болмайтынын айта өтейін. Сол күні аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға азық-түлік сатып алып жүрдім. Гармондарға әсер ететін дәрілер ішіп жүргендіктен, қатты әжетханаға барғым келді. Жақын маңдағы спортзалға кіріп, рұқсат сұрадым. Ешқандай кедергісіз, әжетханаға кіріп шықтым. Киім ауыстыратын бөлме мен әжетхана екеуі екі жақта орналасқан. Барлық есіктер жабық болды. Бірақ мені танып, суретке түскісі келетін оқырмандарымды көрдім. Арасында қайырымдылық жасап жүргенім үшін бір-екі әйел алғыс айтып та үлгерді. Барлығы осы”, – деді блогер. 

Сонымен қатар блогер заңгердің мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Ол заңды түрде өзінің әйел екенін ескертті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар