«Қазақтың ұл-қыздары көшеде өліп қала бермесін»: Шерзат Болаттың әкесі Тоқаевқа үндеу жолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 наурыз, 2025
- 126

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол ұлының өліміне қатысты әділ сот талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл үндеуді оның қарындасы Перизат Нұрымова көпшілікке жариялады.
«Құрметті президент мырза, Конституция кепілі ретінде сізден әділ сот сұраймын. Бауыр етім – інімді, одан кейін ұлымды жоғалттым. Бірақ әділетсіздікпен күресуден бас тартқан емеспін. Өз отбасымды, жақындарымды қорғауға тырыстым. Желтоқсан айында тек інімнің ісі әділ тергелуін талап еттім. Бұған дейін қызметінен кеткендер – ескі жүйенің қалдықтары. Сондықтан әділетті Қазақстанға сеніп, күресуді жалғастырдым. Сізден сұрайтыным – соттың әділ өтуі. Қазақтың ұл-қыздары көшеде өліп қала бермесін», - деп жазылған Қаржаубай Нұрымовтың үндеуінде.
Айта кетсек, 2024 жылдың қараша айында Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.