Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ең үлкені 84 жаста»: Елімізде Наурыз есімі берілген 1500-ге тарта азамат бар

«Ең үлкені 84 жаста»: Елімізде Наурыз есімі берілген 1500-ге тарта азамат бар
Сурет: liter.kz
Солтүстік Қазақстан облысында небәрі жеті адамның есімі Наурыз

Ұлыстың ұлы күнінде туылып, мерекемен аттас болғандар. Елімізде Наурыз есімі берілген 1500-ге тарта азамат бар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұл есімді әсіресе маңғыстаулықтар көп қояды екен. Осы өңірдің 282 тұрғынының есімі —  Наурыз. Екінші орында Түркістан облысы. Мұнда көктемнің алғашқы айымен аттас 172 адам бар. Қызылорда облысында 165 Наурыз тұрып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында небәрі жеті адамның есімі Наурыз. Еліміздегі ең жасы үлкен Наурыз 84 жаста екен. Бұл сөзге жұрнақ қосылған есімдер де бар. Мәселен, тұрғындар арасында Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан мен Наурызгүлдер жетерлік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар