Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Миллионға жуық қазақстандықтың табысы 52 мың теңгеден аспайды

Миллионға жуық қазақстандықтың табысы 52 мың теңгеден аспайды
Сурет: gov.kz
Күнкөріс деңгейі төмен 968 мың адамның 800 мыңнан астамы бес және одан да көп мүшесі бар отбасылар

Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы 52 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халықтың 4,8 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыспен өмір сүреді.

Кедейліктің ең жоғары шегі Түркістан облысында екен. Онда облыс тұрғындарының 8 пайыздан астамының айлығы шайлығына жетпейді. Маңғыстау мен Абай өңірлерінде де жұрттың әлеуметтік жағдайы жақсы емес.

Айта кетейік, күнкөріс деңгейі төмен 968 мың адамның 800 мыңнан астамы бес және одан да көп мүшесі бар отбасылар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар