Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұлымның үйіне барсам, көшеден тамағымды ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты

«Ұлымның үйіне барсам, көшеден тамағымды ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Сурет: видеодан скриншот
Келін бәлен уақытта тұру керек деген заң жоқ

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келіні туралы айтып, олардың өміріне аралспайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтыскер ақын бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтып берді.

«Келінім Мадинаға айтамын. Мысалы түнде келгенде, мен келе жатыр деп үйді жинап, есің шығып, бірнәрсе істеуім керек дейтін болсаң, сенде еркіндік болмай қалады деймін. Маған келіспейтіндер бар шығар. Бірақ әркім өз отбасын өзі біледі. Мен ұлымның үйіне барсам, көшеден өз тамағымды ішіп келемін. «Шәй қайда? Неге бермейсің» деп отырмаймын. Келініме айтамын, ұйқың келе ме, ұйықтап ал. Сағат 12-де ұйықтауға болмайды, келін бәлен уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалауынша өмір сүруі керек. Өздерінің жұмыстары, бизнестері бар. Менсіз де баласы, күйеуі бар. Оның мазасыз күйеуі бар», - дейді Тұрсынбаева.

Айтуынша, ешуақытта баласының өміріне араласқан емес.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар