Қостанай облысында өгей әкесі 13 жасар қызын зорлаған деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 наурыз, 2025
- 442

Қостанай облысында өгей әкесі 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «НеМолчи» қоры мәлімдеді. Қазіргі уақытта «16 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол жеке ұйымда жалдамалы қызметкер болып жұмыс істеген. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.
Қордың жазуынша, ер адам Лисаков қаласындағы белгілі кәсіпкер. 2020 жылы қалалық мәслихаттың депутаты болған. Таныстары оны ашық-жарқын, жанашыр адам екенін айтады. Тіпті ұзақ жылдар бойы мешіттерге қаржылай көмек көрсетіп отырған екен.
Көршісінің айтуынша, соңғы айларда қыз тұйықталып, өзгеріп кеткен.