
"Енді сен қалып ең кино түсірмеген"- дейтін достар әлі бастаған жоқпын уайымдамаңыздар!
Әнші Мейрамбек Бесбаев кино түсіргісі келіп жүргенін бөлісіп, сценарий авторларын іздейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Қазіргі кездері "кино" түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз +77017772622 Алмас
Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. "Енді сен қалып ең кино түсірмеген"- дейтін достар әлі бастаған жоқпын уайымдамаңыздар!", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл бастамасына қолдау білдіріп, салмақты кино түсіруін тіледі.