Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында толассыз жаңбыр: медициналық орталықты су басты

Алматы облысында толассыз жаңбыр: медициналық орталықты су басты
Сурет: tv-gubernia.ru
Медициналық орталықтың судың астында қалуына тұрғындардың өзен арнасын заңсыз тарылтып қоюы себеп болған

25 наурызда толассыз жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, медициналық орталықтың судың астында қалуына тұрғындардың өзен арнасын заңсыз тарылтып қоюы себеп болған. Яғни тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар мен күркелер орнатқан, бұл судың әрі қарай өтуіне кедергі келтірген.

Салдарды жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде.

Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылды, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар