Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

49 жыл: АҚШ-қа Алматыдадан 70 мың шаршы метр жер беріледі

49 жыл: АҚШ-қа Алматыдадан 70 мың шаршы метр жер беріледі
Сурет: inalmaty.kz
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ жерді жалға алғаны үшін Қазақстанға 25 301 016 доллар төлейтінін айтты

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа Алматыдан жалға жер берілетінін және оған қанша төлейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін мәжілісте бұған қатысты заң жобасы қаралды. Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған. 

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ жерді жалға алғаны үшін Қазақстанға 25 301 016 доллар (12 миллиард 757 миллион 025 277 мың теңге) төлейтінін айтты. Жалдау мерзімі 49 жыл. Келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай төлеммен төленеді.

Рахметуллин журналистердің АҚШ Қазақстанға жыл сайын ақша төлей ме деген сұрағына жауап берді.

“49 жыл сайын АҚШ Қазақстанға 25 млн доллар төлейді. Бір реттік аударылады. Қосымша шешім қабылданбаса, бұл әр 49 жыл сайын ұзартылады. Төлем бір уақытта төленеді”, - деді ол. 

Мәжіліс депутаттары Алматыда консулдық салу үшін жер телімін беру туралы келісімді АҚШ-пен ратификациялады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар