Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Семіре бастадым»: Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлады (ВИДЕО)

«Семіре бастадым»: Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлады (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Әнші өзінің іші шығып, костюмінің сыймай қалғанын айтты

Әнші Қайрат Нұртас сахнада ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлап, жомарттық танытты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Ақтөбе өңіріне гастролдік сапармен барған болатын. Сол кезде сахналық киімін мүгедектігі бар балаға сыйлады. 

“Мына жерден қатты ыстықтап кеттім. Бір жағынан жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым. Ішім шығып, киімдерім дұрыс киілмей жүр. Осы сыртқы киімімді мына залда отырған бауырыма сыйлағым келіп тұр”, – деді әнші. 

Желі қолданушыларының бірі оның жомарттығын мақтаса, енді бірі киімнің орнына ақша бермегенін айтып ренжіді.

Олар «Ақша бер. Олсенің курткаңды нестейді. Жарымжан байғұс», «Қайрат өнерлі болмаса осы жетістікке жетпес еді.Өнерің өрге өрмелесін.Әр қазақтың баласы жасай берсін» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар