«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына әсер етті» – Денсаулық сақтау министрі
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2025
- 111

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында қазақстандықтардың ұзақ өмір сүруіне әсер еткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері денсаулық саласын қаржыландыру үш есе артқан.
"МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үш есеге артты, оның ішінде МӘМС қаражатының үлесі 0,4 триллион теңгеден 1,3 триллион теңгеге дейін өсті", – деді Әлназарова.
Сонымен қатар, министр МӘМС жүйесі халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына әсер еткенін айтады.
"Бұл халықтың жалпы өмір сүру ұзақтығының артуына әсер етті. Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 70,2 жас болса, 2023 жылы 75 жасқа дейін өсті. Осылайша, МӘМС жүйесі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды", – деп қорытындылады министр.