«Ол құтқаруын өтініп, айқайлады»: Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жұмыс жерінде бауыздап өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2025
- 2.9k

Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ер адам бұрынғы әйелін аса қадыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Atyrau Online Telegram каналының мәліметінше, оқиға 27 наурыз күні түскі уақытта әйел адам кабинетінде жалғыз қалғанда болған. Кенеттен оның бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.
«Ол құтқаруын өтініп, айқайлады... Қызметкерлердің бірі оны қанға боялып жатқан кезде ғана көрген. Оның мойынынан фонтан болып қан атқылап жатты», - деп жазды аталмыш басылым.
Оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлер дереу жеткен, бірақ әйелді құтқара алмаған. Ол алған жарақатынан қайтыс болды.
Марқұм Жаңа Қаратон ауылының тумасы. Оның артында екі баалсы қалды.
«Жантүршігерлік оқиғадан соң емхана уақытша жабылған. Әріптестері әлі де өздеріне келе алмай жатыр. Көздеріне жас алған олар жұмысқа келуден қорқады», - дейді сол жерде жұмыс істейтіндердің бірі.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ оны аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру кезінде ұстаған.