Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да экс-полиция қызметкері 16 жастағы жасөспірімдерді зорлады деген күдікке ілікті

ШҚО-да экс-полиция қызметкері 16 жастағы жасөспірімдерді зорлады деген күдікке ілікті
Сурет: ШҚО полиция департаменті
Күдіктілер қазір уақытша ұстауда отыр

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей 16 жастан кіші екі жасөспірімге қатысты бірнеше рет жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

35 жастағы бұрынғы полицей Асқар Жұмағұлов пен 29 жастағы Нұрбек Дәуренге кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген айып тағылды.

Күдіктілер қазір уақытша ұстауда отыр.

«Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді  полиция департаменті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар