Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдан Вьетнамға ұшқан ұшақ бірнеше сағаттан кейін шұғыл оралды

Алматыдан Вьетнамға ұшқан ұшақ бірнеше сағаттан кейін шұғыл оралды
Сурет: million-wallpapers.ru
Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақтың қайта қонуына техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді

Алматы – Камрань (Вьетнам) бағытына ұшқан ұшақ орта жолдан әуежайға қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Air Astana әуе компаниясының ұшағы әуеде 3 сағат 28 минут болған. Содан кейін Алматыға қайта қонған.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақтың қайта қонуына техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді.  

«Air Astana компаниясының 28 наурызда Алматы – Нячанг бағытында КС193 түнгі рейсін орындаған ұшағы техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына мәжбүрлі қону жасады. Терминалда рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, сондай-ақ қалауы бойынша қонақ үйге трансфер және орналастыру қызметтері ұсынылды. Жолаушылар басқа ұшақпен сағат 07:15-те межелі жерге жөнелтілді. Рейстің кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз», — деп жауап берді Air Astana өкілдері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар