Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мьянмада 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды

Мьянмада 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды
Сурет: apnews.com
Мьянмада Ирравади өзенінің жағалауын байланыстыратын көпір опырылды

Мьянмада жойқын жер сілкінісі болып, көпқабатты ғимарат құлады. Дүмпулер Қытай мен Таиландта да сезілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жұма күні Мьянманың орталығында 7,7 балдық жер сілкінісі орын алды. Дүмпу Бангкок пен Қытайдың Юньнань провинциясында да сезілді.

Желіде Мьянмада да, Таиландта да халықтың жер сілкінісінен қашқан видеолары тарады. 

"Эпицентр Мандалай қаласынан 33 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл қалада 1,2 миллионнан астам адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды. Күшті жер сілкінісінен бірнеше минут өткен соң 6,4 магнитудалы афтершок тіркелді", – делінген Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында.

Мьянмада Ирравади өзенінің жағалауын байланыстыратын көпір опырылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар