Қоғам
«Жаңбыр мен қар»: 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 наурыз, 2025
- 1.3k

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес 29, 30, 31 наурызда Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде күн шуақты болады.
"Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады", - деді синоптиктер.
28 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана қалаларында, түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады.
Келесі мақала