Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төтенше жағдайлар министрлігі "дабыл чемоданын" дайындап қоюға шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі  "дабыл чемоданын" дайындап қоюға шақырды
Сурет: видеодан скриншот
"Дабыл чемоданы" әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз!

ТЖМ Жамбыл облысындағы жер сілкінісі бойынша маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрлік тұрғындарды "дабыл чемоданын" дайындап қоюға шақырды.

"Дабыл чемоданы" - жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда құтқарушылар келгенге дейін аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы. Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. "Дабыл чемоданы" әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді", – делінген хабарламада. 

"Дабыл чемоданында" салынатын заттар тізімі:

құжаттар

ақша

алғашқы медициналық көмек жинағы

үш күндік тамақ, ауыз су, консервілер, жоғары калориялы тағамдар

гигиеналық құралдар

жылы киімдер, көрпе

керек-жарақтар (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) болуы қажет. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар