Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Сурет: egemen.kz
Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ораза айт татулық пен бауырмалдылыққа шақыратынын атап өтті. 

“Қадірлі отандастар! Ораза айт мейрамы құтты болсын! Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.  Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі”, – деді президент. 

Тоқаев Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен сабақтасып жатқанын айтты. 

“Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! Айт қабыл болсын, ағайын!”, – деді мемлекет басшысы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар