Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Үнемі күлімсіреп жүретін”: Жылыойда ауруханада күйеуі бауыздап өлтірген әйел туралы әріптестері айтты

“Үнемі күлімсіреп жүретін”: Жылыойда ауруханада күйеуі бауыздап өлтірген әйел туралы әріптестері айтты
Сурет: видеодан скриншот
Отбасына, анасы, бауырларына кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз

Күйеуі жұмыс орнында бауыздап кеткен заңгер әйелдің әріптестері оның қандай адам болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұм Жылыой аудандық орталық ауруханасының заңгер маманы болып жұмыс істеген. 

Мейрамгүл Абатқызы еңбек жолын 2022 жылы Жылыой аудандық орталық ауруханасында заңгер мамандығымен жалғастырған. Ол қызметіне адал, өз ісінің маманы болған. Артында бір қызы қалды. 

«Ұжымдастарының алдында беделді, үлкенді құрметтей білген, жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, үнемі күлімсіреп жүретін жан еді. Өмірден өтсе де, оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады. 

Отбасына, анасы, бауырларына кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, иманы жолдас болсын! Қасиетті рамазан айында, Алла рахымына алсын, жаның жәннатта болсын!» – деп жазды әріптестері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар