ЕGov-та жаңа функция пайда болды: министр қалай іске қосылатынын түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2025
- 564
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ЕGov порталында бір ЖСН-ге тіркелген мобильді нөмірлер санын тексеруге арналған жаңа функция пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Интернет-алаяқтармен күрес туралы айта келе, Мәдиев eGov-та мобильді нөмірлердің заңсыз тіркелуіне қарсы күресуге көмектесетін жаңа функция енгізілгенін хабарлады.
"ЕGov-та белгілі бір ЖСН-ге тіркелген SIM-карталар санын тексеру функциясын іске қостық. Қазір eGov-қа кіріп, өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізу арқылы қанша мобильді нөмір тіркелгенін оңай тексере аласыз. Егер көрсетілген сандар сіздің шын мәнінде пайдаланатын нөмірлеріңізге сәйкес келмесе, дереу мобильді операторға жүгініп, бұл жағдайды анықтай аласыз", – деді Мәдиев Мәжіліс кулуарында.
Ұқсас жаңалықтар
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды
- авторkyn.kz
- 17 сәуір, 2026
Алматыда зообақта арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2026




