Маржан Арапбаева бетіне қандай пластикалық ота жасатқанын айтты
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2018
- 423
Маржан Арапбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына құпиясын ашты. Әнші жуырда қабағына пластикалық ота жасатқан екен. Дәлірек айтсақ, блеферопластика жасатқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Жұлдыз қабағына жасатқан ота туралы жұртқа айтпас бұрын көп ойланғанын жеткізді. Ақыры әйел қауымына ғана емес, ер азаматтарға да көмегі тиіп қалар деген ниетпен бьюти-пост жариялаған.
«Көзімнің сұлулығына таңдана қарап отырмын! Аз ғана уақыт өтсе де, қабағым жазылып үлгерді! Қыздар, әйелдер, құрметті ханымдар, қолымды жүрегімнің үстіне қоя отырып сіздерге тамаша дәрігер, хирург-косметолог туралы айтқым келеді. Құдайдың өзі сыйға тартқан дәрігер десе де болады! Қабағым қатты салбырап тұратын, тіпті, маған жағымсыз әсер сыйлайтын еді... Нәтижесіне көңілім толып отыр. Барша жұртқа бұл туралы айтқаным дұрыс па, дұрыс емес пе деп те көп ойландым. Ақырында осы сөздеріммен көптеген қыз-келіншектерге, қыздар мен әжелерге, тіпті, ер азаматтарға көмектесе алатынымды түсіндім...» - дейді Маржан Арапбаева.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің ашқан құпиясына қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілікті мұндай отаның бағасы қызықтырды. Алдағы уақытта міндетті түрде дәл осындай қадамға баратындарын айтқандар да болды.
«Менің де қабағым дәл осылай қатты салбырап тұрады. Тура осындай ота жасатқым келеді. Бірақ күйеуім рұқсат бермейді», «Қабағыңызда еш өзгеріс жоқ сияқты. Меніңше, жәй жарнама үшін жаза салғансыз», «Құпия болмаса қаншаға жасатқаныңызды айтыңызшы» деп жазды желі қолданушылары.
«Мүлдем байқалмайтын болады. Шын сөзім. Ал бағасын дәрігердің өзі айтады» деп жауап берді әнші мұндай сауалдарға.
Автор: Kyn.kzГоловкин-Канело қарымта жекпе-жегі билетінің құны қанша?
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық Ұланға қолбасшы болып Аңсаған Балтабеков тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2024
Енді қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алатын болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024