Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Головкин-Канело қарымта жекпе-жегі билетінің құны қанша?

Головкин-Канело қарымта жекпе-жегі билетінің құны қанша?
ашық дереккөз
"Головкин – Альварес" қарымта жекпе-жегі билеттерінің бағасы 8 млн теңгеден асады.
Las Vegas Now журналисі Крис Маатхьюс Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегіне сатылып жатқан билеттердің бағасы туралы ақпаратпен бөлісті Басқа сайттарда қолжетімді билеттердің ең арзаны 554 доллар (190 850 теңге) тұрады. Бұл жоғарғы қабаттағы тұрып тұратын орындар. Ал рингсайдтағы ең қымбат билеттердің құны 23 250 долларға дейін (8 009 625 теңге) барады. Ал билеттерді ресми сатумен айналысатын AXS.com сайтында ең төменгі қолжетімді баға – $800 (275 600 теңге). 1XBET букмекерлік кеңсесі "Канело" — GGG қарымта жекпе-жегіне мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.6, Альварестің жеңісі — 2.69, тең түсу – 23. Айта кетсек, қос боксшы алғаш рет өткен жылдың 16 қыркүйегінде жұдырықтасқан болатын. Ол жолы жекпе-жек тең аяқталып, біраз дау туғызған еді. Биыл қарымта кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар