Талдықорғанда жасөсспірім 86 жастағы қарияны соққыға жықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 сәуір, 2025
- 69

Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерге қол көтерген. Жетісу облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, бұл ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 86 жастағы қарияны соққыға жыққан. Өйткені қария өзінің жиен немересін қорғап, 10-сынып оқушысына ескерту жасаған. Соққыдан зейнеткердің омыртқасына зақым келгені анықталды.
Бұл туралы полиция департаменті ресми мәлімдеді.
"Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған құқықбұзушы заңды өкілінің қамқорлығына тапсырылды", – делінген ресми хабарламада.
Баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жасөспірімнің заңды өкіліне әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жасөспірімді профилактикалық есепке қою туралы ұсыныс енгізді.