Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ»: Аида Қауменова некесіз бала туғанын айтты

«Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ»: Аида Қауменова некесіз бала туғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ

Белгілі дизайнер, кәсіпкер Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтып, сыр шертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол тележүргізуші Жанар Байсемізге берген сұхбатында әңгімеледі.

“Мен 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Қызымды некесіз тудым. Бұл ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде “Өзім бірден дүниеге әкелемін” деп шештім. Көп қыздар баланы алдырып тастап, перзентханаға қалдырып кетті. Мен ата-анамның махаббатына бөленіп өскенмін. Ол кісілерге рахмет. Өсектеген де, сөз еткен де адамдар болды. Ол кезде мен Италияда оқып жүрген едім. Аудармашы беларусь қызы жанымда болды. Сол менімен бірге дәрігерлерге бірге барып, көмектесіп жүрді. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне айтып қойдым. Үйдегілер мен келгенде ішімнің шыққанын көрді. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді”, – деді дизайнер.

Айтуынша, қызының әкесі кездесіп жүргенде үйленуге ұсыныс танытпаған, тіпті ойында да болмапты.

“Қызымның әкесі өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Оған рахмет айтамын. Егер ол кісіге тұрысқа шыққанда екі-үш жылдан кейін ажырасып кетуші едім. Біз жүріп жүрген кезде де ол маған үйленуге қатысты әңгіме қозғамаған. Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ. Одан кейін екі рет тұрмысқа шықтым. Бұрынғы жұбайларыммен мінезіміз үйлеспеді”, – дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар