Бишімбаевтың адвокаты Назым Қаһарманмен арадағы алимент дауына қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2025
- 93

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның алиментке байланысты айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат желідегі парақшасында жариялады.
Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқанын айтқан болатын.
«Жақында Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден бас тартқаны жөнінде жариялаған еді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Бишімбаев қазір алимент төлеуден бас тартып отырған жоқ. Ол алимент туралы келісімді бұзғысы және оның шарттарын өзгерткісі келеді. Өйткені қазіргі кезде оның тұрақты табысы жоқ. Заң бойынша егер адамның қаржылық жағдайы өзгерсе, оған қатысты мүмкіндік қарастырылған, ", – деді адвокат.
Экс-шенеуніктің ата-анасы оның орнына алимент төлеп келген. Бірақ кейін бұл төлемдер тоқтатылған. Адвокаттың айтуынша, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың үлкен жастағы ата-анасына бірнеше рет дөрекі және қорлайтын сөздер айтқан. Тіпті олардың немерелерімен қарым-қатынасына кедергі келтірген.
«Назым Қаһарман балаларды Бишімбаевтар отбасына қарсы қоюға тырысқан. Әлеуметтік желілерде психологиялық тренингтер түрінде жала жапты. Осыдан кейін Бишімбаевтың ата-анасы көмек көрсетуді уақытша өздері дұрыс деп тапқан мөлшерде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім алимент келісімшартын өзгерту немесе бұзу туралы дау шешілгенге дейін күшінде болады", – деп түсіндірді ол.
Айта кетсек, осыған дейін Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің адвокаты хабарласып, оның анасы алиментер мен басқа міндеттемелерді төлеуден бас тартқанын жеткізген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025