Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертінің билеттерінің бағасы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2025
- 119

Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билетінің бағасы қанша тұратынын белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер бір-екі күннен кейін сатыла бастайды. Бағасы 40-150 мың теңге аралығында болмақ.
Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтің айтуынша, ең қымбат билет құны 150 мың теңге – отыратын орындар. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
Концерт қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтарды да тартады деп күтілуде.
Еске салсақ, 1 тамызда "Астана Арена" алаңында Дженнифер Лопестің концерті өтеді. "Astana Concert" продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, ол 15 мыңнан астам туристерді жинап, қала экономикасына 6,5 миллиард теңге көлемінде үлес қосады.