Қоғам
Түркістан облысында бұрынғы әйелінің мойнына пышақ тақап, оны кепілге алған ер адам сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2025
- 180

Сот үкімі заңды күшіне енген
Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпрарат агенттігі.
Өткен жылы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне кіріп, оның мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан. Күдікті әйелінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамаған.
Ер адам бұған дейін сотты болған. Лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.
Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Қылмыс құрамы жоқ": "Қостанай-Ресей жері" деген азаматқа қатысты іс тоқтады
- авторkyn.kz
- 31 мамыр, 2025
Қоғам
"5 бала жетім қалды": 20 жылдыққа барған әйелді қызғанған күйеуі атып өлтірлі
- авторkyn.kz
- 31 мамыр, 2025