Шерзат Болаттың өлімі: сот отрысы басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 155

Талғарда аяусыз өлітірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың сот отырысы басталды. Сот тыңдалымы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде ашық өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қорғаушы адвокаттар: Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева.
Қылмыстық іс материалдары 62 томнан тұрады. 200 куәгерден жауап алынды.
50-ге жуық журналист сотқа қатысуға сұраныс білдірген. Сот залы шағын болғандықтан онлайн көру мүмкіндігі болады.
Айта кетсек, өткен жылдың күз айында 16 жастағы шерзат Болат төбелес кезінде анасының көзінше аяусыз өлтірілді. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.