Елімізде имамдардың қанша теңге жалақы алатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 сәуір, 2025
- 436

Елімізде имамдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, имамдарға жалақы 2021 жылы төлене бастаған. Ведомствода дін қызметкерлері ең төменгі жалақы (85 мың теңге) алатыны хабарланған.
ҚМДБ өкілдері жалақы 800-ге жуық дін өкілдері, яғни ауылдық жерлердегі имамдарға, сондай-ақ медресенің үздік студенттері мен оқытушыларына төленетінін түсіндірді.
“2021 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) кеңейтілген қорытынды жиналысында Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға ең төменгі жалақы мөлшерінде ай сайынғы еңбекақы тағайындалған еді.
2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне дейін өсті. Олардың қатарында өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, медресенің 200 үздік студенті және 132 ұстаз бар. Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның бастамасымен шамамен 800 дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етіліп жатыр”, – делінген хабарламада.