"Есірткіге тәуелді":Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраров жайлы жан шошырлық мәліметтер айтты
- автор kyn.kz
- 14 сәуір, 2025
- 4.7k

Адвокат Ләззат Ахатова Әнару Құрманәліні қорғаймын деп өзі психологиялық қиындықтарға душар болғанын айтты. Одан бөлек елімізде тамыр-танысы көптер ешқашан жауапқа тартылмайтынын айтып күйінді. Адвокаттың сөзінше Әнару өзін зорлады деген спортшы Жанқош Тұраров есірткіге тәуелді. Бойжеткен айыптағандай дүниелер расыменде орын алған, бірақ күдіктіні жауапқа тарту, жазалау жағы қиын деді адвокат.
"Ең басты айтарым - зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті.",-деді адвокат.