Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда саябақтың бірінде адамдар отырған карусель әуеде тоқтап қалды

Алматыда саябақтың бірінде адамдар отырған карусель әуеде тоқтап қалды
Сурет: видеодан скриншот
Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген

Алматыдағы саябақтардың бірінде адамдар отырған карусель әуеде тоқтап тұрып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 13 сәуірде "Қиял әлемі" саябағында болған. Top skan немесе "Түймедақ" деген аттракцион айналып тұрған тұста кенет тоқтап қалған. Бейнежазбада онда ондаған адам отырғаны көрінеді.

Саябақ әкімшілігі аттракционның тоқтау себебі қауіпсіздік жүйесі іске қосылуына байланысты болғанын мәлімдеді.

"Сағат 15:08-де Тop skan аттракционы тоқтады, сағат 15:16-да қонақтар эвакуацияланды. Ешкім зардап шекпеді, адамдар тарапынан шағым түскен жоқ. Жағдай толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды", - деді "Қиял әлемі" саябағының әкімшісі Виктор Данилов.

Ол қауіпсіздік жүйесі сол күні ауыстырылғанын айтты.

"Инженерлер барлық аттракционды саябақ ашылғанға дейін күн сайын тексереді. Сондай-ақ, қадағалау компаниясы ай сайын тексереді", - деді саябақ өкілі.

@zarina.dosn01 #мир #карусель #алматы ♬ оригинальный звук - zarina.dosn01

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар