«Жеті жыл заңсыз тұрдық»: Мақпал Жүнісова 27 жыл бұрынғы неке куәлігін көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 сәуір, 2025
- 375

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен заңды некеге тұрған сәтін есіне алып, құжатын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі 27 жыл бұрынғы құжатты көрсетіп, сол кезде заңды некеге тұруға асықпағанын айтты.
“Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз” дегенде: “Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік” деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар Жүнісова неліктен күйеуінің тегіне өтпегені туралы айта кетті.
“Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, “Еңбек сіңірген әртіс” атағын алып қойғанмын”, – деді эстрада жұлдызы.