Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішімдік беріп, жыныстық қатынасқа түскен»: Алматыда көршісінің 13 жасар қызын мектепке тасып жүрген ер адам оны зорлап келген

«Ішімдік беріп, жыныстық қатынасқа түскен»: Алматыда көршісінің 13 жасар қызын мектепке тасып жүрген ер адам оны зорлап келген
Сурет: ашық дереккөздерден
Оқушы қыз көрішісінің өзіне жасап жүрген әрекеттерін екі жылдан кейін ғана айтқан

Алматыда жалғызбасты әкенің 13 жасар қызын өз көршісі зорлаған. Ол оқушы қызды әкесінің рұқсатымен қызды мектепке апарып, әкелуге көмектесіп жүрген. Бұл туралы адвокат Асентай Ақаев желіде жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыздың әкесінің сеніміне кірген ер адам оған ішімдік беріп, зорлап, ешкімге айтпа деп қорқытқан. Қазіргі кезде күдікті әлі бостандықта жүр.

«Бір күні әкесі жоқта көршісі 13 жасар балаға ішімдік беріп, оның ес-түссіз (дәрменсіз) жағдайын пайдаланып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Анасыз өсіп келе жатқан 13 жасар қыз  ұялып, қорқып, болған оқиғаны ешкімге айтпаған. Бұл оқиға оның психикасына әсер етіп, болашағын бұзды. Оқиғадан кейін баланың айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттері оның әкесі жұмыста болған кезде бірнеше рет болған және не болып жатқанын ұялы телефонына бірнеше рет түсіріп алған, кейін ол оны досына берген. Әрине, полицейлерге хабарласқаннан кейін күдікті өзінің телефонын құрбысынан сатып алған және оны жойып үлгерген болуы мүмкін. Жазбаларды табу үшін күдіктіні тінту туралы өтініш бердік, бірақ тергеуші мұны да қабылдамады»,- деп жазды адвокат.

Оқушы қыз көрішісінің өзіне жасап жүрген әрекеттерін екі жылдан кейін ғана айтқан.

«Ер адам 2024 жылы кәмелетке толмағанға күш қолдана бастаған. Оны ұрып-соғып, оның еркінен тыс  табиғи емес жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. 2 жылдан кейін бала күш жинап, көршісінің әкесіне зорлық-зомбылық фактісі туралы айтқан.

Осыдан кейін баланың әкесі Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция бөлімшесіне Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінген. Онда арыз ҚР ҚК 122-бабы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркелген”, – дейді ол.

Сараптамаға сәйкес "жәбірленушінің қыздық пердесі өтініш бергенге дейін бұзылған" болса да, күдіктінің “келісіммен болдық” деген сөзі есепке алынған.

“Зорланған қыз 13 жаста болған. Қайдағы келісім болуы мүмкін? Түрксіб ауданының тергеушісі істі заңсыз тоқтатқан. Күдікті баланың әкесіне бірнеше рет келіп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден айғақтарын өзгертуін талап еткен. Өзін жауапкершіліктен босату үшін қыздан полицияға 15 миллион теңге беруді сұраған. Бірақ әкесі айғақтарды өзгертуден бас тартып, күдікті ұсынған 15 миллион теңгені алмаған. Мүмкін күдікті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара беру туралы айтқан кезде шынымен ниеттенген шығар? Бүгінгі таңда Түрксіб ауданының прокуратурасы тергеушінің заңсыз шешімінің күшін жойды”, – деп қосты ол. 

Ер адам әлі бостандықта жүр. Ал қыздың әкесі кінәлі адамның құқық қорғау органдарының көмегі арқылы жауапкершіліктен құтылып кете ме деп уайымдайды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар