Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында жанармай бекетінде ер адам шетел азаматын пышақтады

Жамбыл облысында жанармай бекетінде ер адам шетел азаматын пышақтады
Сурет: видеодан скриншот
Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізілген

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде ер адам мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасады. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталған.

"Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ.

Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу барысы тікелей бақылауымда.

Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлі заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп жазды министр Сәденов Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетінде ер адамның мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасаған сәтінің видеосы тараған еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар