Қоғам
«Арманымды орындап берді»: мәжіліс депутаты 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кесті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 сәуір, 2025
- 2.3k

38 жастағы әйел халық қалаулысына тұсау кестіру арманы болғанын айтады
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 38 жастағы бес баласы бар әйелдің тұсауын кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желідегі парақшасында ол «оптом» тұсау кесетінін жариялаған болатын. Оның өзі бұл ерсі көріністі «арасында болып тұрады» деп түсіндірген.
Ал депутатқа тұсауын кестірген 38 жастағы әйел халық қалаулысына тұсау кестіру арманы болғанын айтады.
«Халқымызға қалаулы бір азаматқа тұсауымды кестірсем деп, өзіме алдыма мақсат қойып жүргем. Сол сәт кеше туды. Дәулет мырза балалардың тұсауын жаппай кесетін күніне сәйкес келіп қалды, Жібімді сатып алдым да, алдына бардым. Сонымен Дәулет мырза қарсы келген жоқ. Тұсауымды кесіп, арманымды орындап берді. «Гештальт жабылды — бастысы», - деді Тұрсынкүл Құлатаева.