Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын шенеуніктер айыппұл төлеуі мүмкін

Мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын шенеуніктер айыппұл төлеуі мүмкін
Сурет: gov.kz
Қырғызстандағыдай қазақ қоғамында тіл мәселесінің орны ерекше

Қырғызстанда мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын шенеуніктер айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 14 сәуірде Қырғызстанда Жогоркы Кенештің әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің отырысында Мемлекеттік тіл жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған түзетулер топтамасы қаралады. 

Мемлекеттік тіл туралы Конституциялық заңға бірнеше өзгерту ұсынылды. Бірқатар мамандар үшін қырғыз тілін білу міндетті болуы тиіс:

  • жергілікті кеңеш депутаттары;
  • нотариустар;
  • адвокаттар;
  • судьялар;
  • прокурорлар;
  • тергеушілер және басқалар.

Тілді меңгеру деңгейін министрлер кабинеті анықтайтын болады, ал бақылау құралы ретінде «Қырғызтест» қолданылуы ұсынылған. Сонымен қатар, заң жобасында мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл салу нормасы да қарастырылған. 

«Тілді айыппұл арқылы үйрету тәсілі дұрыс емес. Бұл пайдасыз және адамдарды ашуландырады. Тілді ынтамен, сүйіспеншілікпен үйрену әлдеқайда жақсы», — деді депутат.

Қырғызстандағыдай қазақ қоғамында тіл мәселесінің орны ерекше. Тіл туралы биік, елдің ең жоғары мінберлерінен де, әр отбасының төрінен де базына азаяр емес.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар