Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақстан президенттігіне кандидат боламын деп шештім» – Дина Төлепберген

«Қазақстан президенттігіне кандидат боламын деп шештім» –  Дина Төлепберген
Сурет: instagram/dina_tolepbergen
Журналистикада 20 жылдан астам тәжірибем бар

Белгілі журналист, продюсер Дина Төлепберген өзін президенттігіне кандидаттыққа ұсынатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Тележүргізуші президенттікке қазақ қыздары үшін келгісі келетінін жазды. Өзі туралы 8 фактіні желідегі парақшасында бөлісті.

“Иә, бойым – 1 метр 53 сантиметр. Бірақ жүрегім – XL. Камера ұстап, штативтердің арасынан өткен қазақ қыздарының жарысы болса, алтын медаль алар едім. Менің негізгі мамандығым – режиссер. Көптің алдында сөз сөйлеуді, эмоциямен жұмыс істеуді сол кезде үйрендім. Ұлым Асқарәліге тромбоцетопения диагнозы қойылғанда күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отыратын ана едім. Журналистикада 20 жылдан астам тәжірибем бар. Тони Блэр, Ангела Меркель, Кофи Аннан сынды әлемдік көшбасшыларынан сұхбат алған қазақ қызымын. Бір кездері “Қыз журналист болу үшін аяқ та, қол да мықты болуы керек” дегенмін, бірақ жүрек пен жүйке керек екен. Мені жасаған екі адам бар. Анам қатал тәрбиемен қайрады. Күйеуім шексіз махаббатпен өзіме сендірді. 2029 жылы Қазақстан президенттігіне кандидат боламын деп шештім. Бұл – қазақ қыздары үшін”, – деп жазды журналист. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар