Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Өлтіреміз деп қорқытты”: Дина Таңсәрінің күйеуі оның Черногорияда қалай ұсталғанын айтып берді

“Өлтіреміз деп қорқытты”: Дина Таңсәрінің күйеуі оның Черногорияда қалай ұсталғанын айтып берді
Сурет: instagram / dinatansari
Алмат Мұхамеджанов: Полицейлердің дөрекілігі тура Қазақстандағыдай болды.

“НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрінің күйеуі Алмат Мұхамеджанов Черногорияда құқық қорғаушының қамауға қалай алынғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Дина Таңсәрінің қамауға алынуы Черногорияның Жоғарғы сотының шешімі бойынша болған. Үйге екі полиция қызметкері — ер адам мен әйел келіп алып кеткен. Полиция учаскесінде бірнеше сұрақ қойып, кейін босатуға уәде берген.

– Біздің ойымызда ештеңе жоқ, үй киіммен шықтық. Европа ғой дедік. |Келсек “Сіздер қамауға алындыңыздар” дейді. Себебін сұрағанымызда полиция қызметкері Черногорияның Жоғарғы сотының шешімі бар екенін, ертең 9:30-да экстрадиция бойынша сотқа жеткізуі керек екенін айтты. Мен “Жақсы, бірақ тілін түсінбеймін. Маған құжаттарды фотоға түсіруге рұқсат беріңіз, мен жергілікті адвокаттарға жіберемін” дедім. Алайда құжаттармен танысуға мүлдем рұқсат бермеді. Содан соң оны алып кетті, саусақ іздерін алды, суретке түсірді, әкелді. Полиция қызметкерлері оны тінте бастады», — деді ол.

Бұл жайтты Мұхамеджанов Лиза Пылаеваның қайтыс болған атасы Сергей Рыжаковпен байланыстырды. Лиза Пылаеваға қатысты болған даудың нәтижесінде оның отбасы ақталды. Ол Дина Таңсәрінің Рыжаковтан бірнеше рет қауіп-қатер алғанын және жақында оған арыз жазғанын атап өтті.

– Күмән бар. 28 наурызда Рыжаков Сергей Александровичтен, Лиза Пылаеваның атасынан, кісі өлтіру және денсаулыққа зиян келтіру туралы қауіп бары туралы арыз бердік. Facebook-та ол “Сен ешқайда қашпайсың, мен сені тауып аламын, мен Ауғанстан офицерімін. Байланысым көп, мен сені Қазақстанға экстрадициялауға мәжбүрлеймін. Сен тізерлеп тұрасың” деп ашық түрде жазған болатын. Сол себептен мұны сәйкестік деп атамаймын. Біз Черногорияда 1,5 жыл тұрып келеміз.  Оны үш рет Қазақстанға экстрадициялауды сұрады, бірақ экстрадициялай алмайды, өйткені ол саяси баспана сұраған.

Ол Черногория Таңсәріні Қазақстанға жібермейтінін айтады.  Өйткені құқық қорғаушы шетелде саяси босқын ретінде тұрып жатыр. 

Ол әйелінің Киевте атып өлтірілген белгілі қазақстандық журналист және оппозиционер Айдос Садықовтың тағдырын қайталай ма деп қорқады.

– Қазақ жігіттері келе ме деп қорқамын. Киевте де дәл осылай болды. Қазақ жігіттері келіп, оны басынан атып кеткен еді, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ Таңсәрінің үстінен "жалған ақпарат тарату, жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын бұзу", "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар