Жетісу облысында 12 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025
- 231

Жетісу облысында ер адам жасөспірім қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Құзырлы органның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, былтыр тамыз айында К. 12 жасар қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Сол күні ол ұсталды. Кейін қамауға алынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады (Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі) деген айып тағылған.
Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырған.
"Прокуратураның дәйекті және принципті ұстанымының нәтижесінде апелляциялық инстанция бұл үкімді өзгертіп, кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - дейді облыстық прокуратура өкілдері.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025
Еліміздің қай аймағында жастар неке көп қидыратыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025