Өскеменде қашқын олигарх Анатолий Балушкинге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 сәуір, 2025
- 81

Өскеменде «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот үкімі сырттай шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот Анатолий Балушкинді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (“Аса ірі көлемдегі алаяқтық”) кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Компанияның тағы бір бұрынғы жетекшісі Ерік Сағымбаевқа ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (“Аса ірі көлемдегі алаяқтық”) және 245-бабы 3-бөлігі (“Салық төлеуден жалтару, ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе аса ірі көлемде”) бойынша айып тағылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот үкімі сырттай шығарылды, себебі “Азия Авто” компаниясының бұрынғы жетекшілері – қазіргі Ресей азаматтары – халықаралық іздеуде.